Сергей Шаргунов
Сергей Александрович Шаргунов (1980 ж. т.) — прозашы, публицист, қоғам қайраткері. Мәскеу мемлекеттік сыйлығының (2003), РФ Үкіметі сыйлығының (2018), «Жыл жазушысы» (2021), «Үлкен кітап» (2017) және басқа да көптеген ресейлік және халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Мәскеуде дін қызметкері мен суретші-жаңғыртушының отбасында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халықаралық журналистика мамандығы бойынша бітірген. «Юность» журналының бас редакторы. Ресей Жазушылар және Баспагерлер одақтары қауымдастығының төрағасы.
Алғашқы шығармалары «Новый мир» журналында жарыққа шықты. Көптеген әдеби журналдарда да жарияланды. Проза, публицистика, тарихи және деректі зерттеулердің авторы. «Бала жазаланды», «Ура», «1993 ж. Жанып жатқан үй фонындағы отбасылық портрет», «Катаев. Мәңгілік көктемге ұмтылу» (ҒЖҒ топтамасы), «Өзім» әңгімелер жинағы және т. б кітаптары қаламгерге үлкен танымалдылық әкелді.
Шаргуновтың прозасы әсерлі әрі сезімтал, сонымен бірге сыншылар оның әлеуметтік нәзік иірімдерін, стильдік еркіндігін және тарихқа деген махаббаты мен рухани тазалығын ерекше атап өтеді.