Борис Рыжий

1974 жылы Челябіде туған. Орал тау-кен академиясының геофизика және геоэкология бөлімшесін, РҒА Орал қанатына қарасты Геофизика институтының аспирантурасын тәмамдап, сол жердің кіші ғылыми қызметкері болған. «Орал» журналында жеке айдарын жүргізіп (Екатеринбор), 1996 жылдан бастап оралдық басылымдарда басылып, кейін сан-петерборлық және мәскеулік журналдарда жарияланып жүрген. Роттердам Поэзия фестиваліне қатысқан. Көзінің тірісінде «Тағы да тап солай...» (2000) атты жалғыз жыр жинағы жарық көріп, бақилық болған соң «Жел өтінде» (2001) атты екінші кітабы шығыпты. 2000—2010 жылдар аралығында шығармаларының бірнеше жинағы басылып шыққан. Өлеңдері ағылшын, араб, болгар, итальян, литва, неміс, нидерланды, серб, түрік, француз һәм тағы басқа тілдерге аударылыпты. Тәуелсіз «Антибукер» сыйлығының, «Теріскей Пальмира» әдеби сыйлығының (дүниеден озған соң) лауреаты атанған. 2001 жылы өзіне-өзі қол салған.
Рыжийдың жарқын ғұмыры мен қайғылы қазасы бүтін бір әдеби буынды қатты толғандырып, ерекше зор әсер етті. Ресей мен Голландияда оның өмірі мен шығармашылығы жайлы бірқатар өмірбаяндық және мемуарлық кітаптар жарық көріп, жетекші театрлар біраз қойылымдарды сахналанған болатын. Сонымен қатар, деректі фильмдер дайындалып, тап қазір көркем фильмнің түсірілімдері жүріп жатыр. Ақынның бірнеше өлеңіне ән жазылған.