Басталған-ды жаңа фильм жады үзіліп қалғалы...

* * *

Басталған-ды жаңа фильм жады үзіліп қалғалы,
бір қойыртпақ тұрды ойнап ескі саздың үнінде.
Жаңбыр өткен саябақ, жеткізер сөз қалмады
бөртегүлдің жұпарын, өктем көктем күнінде.

Трамвай еді оныншы, түстік, өттік, жол қалған
қақпа астында сталиндік: солай болған, бәрі өткен.
Осында ұстап қолымнан, мына тұста қолға алған,
ашық кинотеатрға киноға әкеп, таң еткен.

Сезімдерді сондағы көрсетті өнер бүгін бір,
сол демалыс бағы мен бала жайлы қолдағы.
Шексіз, сірә, өткен шақ, тартқанымен бұлыңғыр,
көп кедергі келтіріп, көсілер күй болмады.

Жетегінде аңсардың ессіздік, йа, мастықпен
қарағайдан биіктеп, көк шебіне жеткенде
шолу дөңгелегімен, түсініп болмас тіптен:
тыныштық па, төменде жойқын соғыс өткен бе?!

Маңай түгел — ақ-қара. Аналар жүр бала ерткен,
нашар дауыс күшейткіш жеңімпазша әндетті.
Ұзақ ғұмыр кештім бе, қалай өткем сан өрттен?!
Жүрек жүдеп, жас төгіп, керісінше, әлде... әл кетті.