Алексей Пурин
1955 жылы Ленинградта дүниеге келген. Ленинград технологиялық институтын бітірген. 1989 жылдан бастап «Звезда» (Санкт-Петербург) журналының поэзия бөлімін, ал, 2002 жылдан бастап сын бөлімін басқарады. Голланд және неміс ақындарын аударып, сегіз кітабы жарық көрді. Жиырмадан астам поэтикалық кітаптар мен жинақтардың авторы, атап айтқанда, «Евразия и другие стихотворения» (1995), «Архаика» (1998), «Долина царей» (2010), «Почтовый голубь» (2015), «Астры» (2021); эссеистика жанрында төрт кітап жазған. Өлеңдері ағылшын, голланд, итальян, латыш, неміс, поляк, румын, украин, француз және чех тілдеріне аударылған. «Нева» және «Новый мир» журналдары сыйлығының, «Честь и свобода» сыйлығының, «Северная Пальмира» әдеби сыйлығының (екі рет) лауреаты. Санкт-Петербургте тұрады.
Заманауи орыс поэзиясында Пурин ерекше, бөлек орны бар тұлға. Ол эстетик және стилист, алдыңғы буын негізін қалаған ең жоғары поэтикалық аспаптарды, әдіс-тәсілдерді меңгерген. Оның шығармаларында дәстүр жалғастығы айқын көрінгенімен, ол тек дайындығы бар оқырманға ғана өз құпиясын ашады Ең нәзік жартылай реңктер мен бояулар, тұспалдар мен ишаралар автордың көркемдік қуатын арттыра түседі.