Тірі ескерткіш тұрғызғанмын — көзге ешбір көрінбейді...

* * *

Тірі ескерткіш тұрғызғанмын — көзге ешбір көрінбейді,
ащы бұрыш, дәмдеуішпен әрбір сөзім тұлғаланып.
Пір тұтатын жандар бізді қиялында желімдейді,
іздеушілер жанарынан жас құрғамай тұрады анық.

Ұрпақ бізді ұмытады — қыстан қымбат жаз жамалы,
есіне олар қалай алар құмарлықтан жатса мүлгіп?
Тіл үйірер тәттілер мен кереметтер аз қалады,
өлең оты қайта қарып, жаңа пішін тапса ауырлық.

Жаңбырлатқан қауесеттен қарық болар сыйға бәрі,
ақ теректің ұлпасындай ұшып жетер бұл «тәбәрік».
Құжаттарға сілтеме қып, өсектерге иланады,
қайтеді олар сыбыстарды терістеуге ынталанып.

Тасбақаның жотасынан күңгірт дауыс естіледі,
олар енді дос санамас біздің әлсіз рухымызды.
Бәрі-бәрі ұмытылар, естеліктер ескіреді,
легионнан айырмаң не суреттесем сұрқымызды?..

Шын ақынын талғамды жұрт есіне алар алғыспенен,
бар дәуірде көркемдікке көпіріктер қосақталған.
Бірақ, муза, бағала сен, өрмекшіге тән күшпенен,
біздің қалам қарсыласты кеңістікпен босап қалған?!