Вячеслав Куприянов

1939 жылы Новосибирск қаласында дүниеге келген. Ленинградтағы Жоғары әскери-теңіз инженерлері мектебінде оқыды. Мәскеу шет тілдер институтының аударма факультетін бітірген. Ағылшын, неміс, француз, испан, латыш және армян тілдерінің поэзиясын аударған. Еркін өлеңнің теоретигі әрі практигі. Ресейде басылып шыққан он жыр жинағының, соның ішінде «Сөзімді аяқтайын» (2002), «Уақытқа мадақ» (2010), «Адамға тән» (2013), «Қайшылықтар» (2019) жинақтары, шет тілдерге аударылған қырық кітаптың, бірнеше прозалық кітаптардың авторы. Өлеңдер барлық еуропалық және бірқатар азия тілдеріне аударылған. Көптеген халықаралық және ресейлік әдеби сыйлықтардың, соның ішінде Бранко Радичевичтің (Сербия), Австрия Білім министрлігі сыйлығының, «Моравия шиыршық қағазы» (Сербия), ««Naji Naaman literary prizes» (Жапония), Бунин сыйлығының, В. Маяковский атындағы және басқа да сыйлықтардың иегері. Македониялық әдеби жезл (асатаяқ) иегері. Ресей Жазушылар одағы және Сербия Жазушылар одағының мүшесі. Мәскеуде тұрады.
Әдебиетші әрі сыншы Артем Скворцов ақынды былайша сипаттайды: «Куприянов пішінсіз лингвистикалық хаосты кербез де парадоксальды ой өзегімен тесіп өтеді. Әдеби шығармадағы көтеріңкі сарын әдетте тежеусіз сезімдікпен қатар жүреді, бірақ бұл жерде шабыт асқан дәлдікпенен мысқылды теңестіріледі. Ақын ешқашан дауыс көтермейді».