Ғұмыр шеңбері
Балалық армандаса толысқан даналықты
Даналық шындық үшін жығады бар алыпты
Шындық та бақыт жайлы шырылдар көп қамығып
Бақыт жүр арманды ойлап оспадар отқа кіріп
Арман да үздігеді үмітке ұмтылады
Үміттің сенімде еді сыралғы шын тұрағы
Сенім ше адастырмас арды айтып шырқырады
Ар болса махаббат деп дес бермей бұлқынады
Махаббат ерлік жырын жанына азық қыпты
Ерлік пе мәңгі іздейді тым тылсым нәзіктікті
Нәзіктік ана болса көп күткен сәтке жетер
Аналар бал дәуренді жұпар жыр тәтті ән етер