Владимир Крупин

Владимир Николаевич Крупин (1941 ж. т.) — прозашы, публицист, педагог. Патриархтық әдеби сыйлықтың лауреаты және басқа да жүлделердің иесі.
1941 жылы Киров облысының Кильмез кентінде орманшы отбасында дүниеге келген. Сол дәуірдің жағдайына қарамастан, православие дәстүрінде тәрбиеленген. Ол слесарь, жүк тиеуші болып жұмыс істеген. Мәскеу облыстық педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойына журналистикамен айналысты. «Современник» баспасында редактор, «Мәскеу» журналының және «Қасиетті от» атты христиандық журналдың бас редакторы болды. Бірқатар телеарналарда жұмыс істеді. Мәскеу рухани академиясында сабақ берді.
«Ауыл прозасы» өкілдерінің бірі. Крупиннің Вятка деревнясының өміріне арналған «Астық» (1974) атты алғашқы әңгімелер жинағы оны бірден оқырман көпшілікке танымал етті. «Тірі су», «Үйге барар жол», «Вятка дәптері», «Бала сияқты боламыз», «Орыс әулиелері», «Аспанда жалаңаяқ жүрген шақ» әңгімелері мен романдары арқылы ол өзін «прозадағы халықтың рухани ізденісінің» шебері ретінде танытты. Крупиннің қаһармандары — біздің замандастарымыз, ауыл тұрғындары, Құдайды іздеген адамдар.
Шырпы жанып тұрған уақыт