Ирина Ермакова

1951 жылы Керчь бұғазында, қайықта дүниеге келіп, Черкассыда (Украина) өскен. Мәскеу көлік инженерлерлік институтын «Көпірлер мен туннельдер» мамандығы бойынша бітірген. Көпірлерді жобалау бойынша инженер-конструктор болып жұмыс істеді. Сегіз жыр жинағының авторы. Соның ішінде «Одиссейге арналған бесік жыры» (2002), «Араның ұясы» (2007), «Мерекені күту» (2009), «Қара жібекке қызыл сиямен» (2012), «Жетінші» (2014) және итальян тіліне аударылған «Нинна-Nanna per Odisseo e altre poesie» (2008) жыр жинақтары және бірнеше әдеби мистификациялары бар, ал олардың ең танымалы — XII ғасырдағы жапон ақыны Йоко Иринати. Өлеңдері ағылшын, араб, болгар, итальян, каталон, қытай, латыш, македон, неміс, поляк, португал, румын, серб-хорват, француз және басқа тілдерге аударылған. «Арион» және «Октябрь» журналдары сыйлығының, «Anthologia» поэтикалық сыйлығының, «Lericipea Mosca» Итальян-Ресей сыйлығының, «Московский счет», Халықаралық Волошин сыйлықтарының, «Венец» сыйлығының лауреаты. Мәскеуде тұрады.
Ирина Ермакова классикалық және авангардтық дәстүрлердің шын мұрагері. Төртта­ған ямбтен верлибрге дейінгі орыс өлеңдерінің әртүрлі формаларын шебер меңгерген, оларды өзінің лирикалық «менінің» әсерімен жаңғыртып, жетілдірген.