Максим Замшев

1972 ж. Москва қаласында дүниеге келген. М. Гнесин атындағы музыка училищесін және А. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Поэтикалық жеті кітаптың, сондай-ақ, «Шынайы ностальгия» (1999), «Алақандағы уақыт» (2003), «Партия жетекшілерінен Арбатқа дейін» (2014), «Арылу кезеңі» (2019) атты бес романның авторы. Заманауи ақындарды белорус, румын, серб тілдерінен аударған. Көптеген өлеңдері азербайджан, болгар, грек, македон, румын, серб тілдерінде аударылып, жеке кітап боп шыққан. «Очарованный странник» сыйлығының, Лермонтов атындағы сыйлықтың, Ф. Искандер атындағы сыйлықтың, «Чистая книга», т. б. сыйлықтардың лауреаты. Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымының Басқарма төрағасы, Ресей журналистер одағының мүшесі. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Азаматтық қоғамды және адам құқықтарын дамыту жөніндегі кеңестің (АҚК) мүшесі. Шешен Республикасының 2-дәрежелі еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен, «Баспа ісін дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапат­талған. «Литературная газета» басылымының Бас редакторы. Мәскеуде тұрады.
Әдебиеттанушы және сыншы Яков Гордин: «Замышевтың өлеңдерін оқығанда «Лирикалық қаһарман» ұғымын естен шығармаған жөн. «Поэзиядағы» автор мен кейіпкердің ара-жігін анықтау қажеттілігі» түсінігі алғашқысының шынайылығына шәк келтіру болмаса керек. Бұл — ақындық терең түйсік, автордың дүниәуи ұғымдарды қабылдауы мен өзін-өзі тануы арасындағы бітіспес майданның бір сәттік жарқылы.