Жауады аппақ қар ұшқыны...
* * *
Жауады аппақ қар ұшқыны,
Жұп-жұмсақ асфальтқа қонады.
Кішкентай адамның ұсқыны,
Гоголдің көшесі, жоғары
Бітпейтін тобыр бар,
Бітпейтін жастар бар.
Мүмкін сен иесіз,
Себебі — бір өзің.
Кішкентай адамда,
Кішкене сезім де.
Аяусыз ғасырда,
Жоғалар кім болса,
Тоның да бағасыз,
Керегі — көзқарас.
Аңқыған «Шанель» ғой,
Киім де қымбаттау.
Аппақ қар, оған жат
Сүттей бу, есесі.
Кішкентай адамзат,
Гогольдің көшесі...
Жауады аппақ қар ұшқыны,
Жұп-жұмсақ асфальтқа қонады.
Кішкентай адамның ұсқыны,
Гоголдің көшесі, жоғары
Бітпейтін тобыр бар,
Бітпейтін жастар бар.
Мүмкін сен иесіз,
Себебі — бір өзің.
Кішкентай адамда,
Кішкене сезім де.
Аяусыз ғасырда,
Жоғалар кім болса,
Тоның да бағасыз,
Керегі — көзқарас.
Аңқыған «Шанель» ғой,
Киім де қымбаттау.
Аппақ қар, оған жат
Сүттей бу, есесі.
Кішкентай адамзат,
Гогольдің көшесі...




