Жеңіс күні
Жұлдызы бар жарығын жайған мұнда,
түнереді төбеден түні, бірақ.
Соғысты ойлап мұңайды ол айна алдында,
төсіндегі медальға үңіліп ап.
Жанарының алдынан тұман басып,
жастығы да гүлдеді бүршік орап.
Ғұмырына шаттық пен мұң алмасып,
ішінде де қорқыныш тұр сығалап.
Тарқатады шер басқан демін дене,
күтетіндей жауыздық тамаша қап, —
қорықпай тік барасың өлімге де,
өмірің тұрған кезде арашалап.
Айналады жарқын ел, үстем елге,
ақталады тамған жас боталанып.
Тәңірдің мейірімі түскен елде
бейбіт күннің ақ таңы атары анық.
Жанғанымен өмірдің енді шамы,
түсініксіз ойларға барады көп,
ертегінің бәріне сенгіш әлі
тағдырдың қолындағы бала жүрек.
Осы күні тілім де тұмшаланды,
жанарымнан жас ақты, ең ыстығы...
Елімнің төбесінде тұрса мәңгі
жұлдыз сөнбей, жарқырап жеңіс күні.
түнереді төбеден түні, бірақ.
Соғысты ойлап мұңайды ол айна алдында,
төсіндегі медальға үңіліп ап.
Жанарының алдынан тұман басып,
жастығы да гүлдеді бүршік орап.
Ғұмырына шаттық пен мұң алмасып,
ішінде де қорқыныш тұр сығалап.
Тарқатады шер басқан демін дене,
күтетіндей жауыздық тамаша қап, —
қорықпай тік барасың өлімге де,
өмірің тұрған кезде арашалап.
Айналады жарқын ел, үстем елге,
ақталады тамған жас боталанып.
Тәңірдің мейірімі түскен елде
бейбіт күннің ақ таңы атары анық.
Жанғанымен өмірдің енді шамы,
түсініксіз ойларға барады көп,
ертегінің бәріне сенгіш әлі
тағдырдың қолындағы бала жүрек.
Осы күні тілім де тұмшаланды,
жанарымнан жас ақты, ең ыстығы...
Елімнің төбесінде тұрса мәңгі
жұлдыз сөнбей, жарқырап жеңіс күні.




