Максим Амелин

1970 жылы Курск қаласында дүниеге келген. Коммерциялық колледжді бітіріп, А. М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1995 жылдан бастап баспа қызметімен айналысады. «Суық одалар» (1996), «Dubia» (1999), «Горгон жылқысы» (2003) жыр жинақтарының, «Иілген сөйлеу» (2011) өлеңдер мен эсселер жинағының, «Өлеңдер кітабы емес» (2021) әр түрлі жанрдағы еңбегінің авторы. XVIII—XX ғасырлардағы бірқатар орыс ақындарының таңдамалы шығармаларының, қазіргі орыс және грузин поэзиясы антологияларының құрастырушысы және комментаторы. Ежелгі грек, латын, ағылшын, итальян, грузин, украин және басқа тілдерден поэзия аудармашысы. Өлеңдері жиырма бес тілге аударылған, сегіз кітабы Австрияда, Арменияда, Испанияда, Қытайда, Сербияда, АҚШ-та және басқа елдерде аударылып, басылған. Көптеген ресейлік және шетелдік әдеби сыйлықтардың, соның ішінде Тәуелсіз «Антибукер» сыйлығының, Бунин сыйлығының, Александр Солженицын атындағы әдеби сыйлықтың және Ұлттық «Ақын» сыйлығының лауреаты. «Біріккен гуманитарлық баспаның» және «Ресей халықтарының заманауи әдебиеті» жобасының Бас редакторы. Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін РФ Президенті сыйлығының лауреаты атанды. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Орыс тілі Кеңесінің мүшесі. Мәскеуде тұрады.
Ақын және сыншы Юрий Орлицкийдің пікірінше: «Әдеби процестегі орнын абсолютті бірегейлігіне байланысты анықтау өте қиын ақындар бар. Дәл осы Максим Амелин — қазіргі поэзияда ешкімге ұқсамайтын адам. Йағни, оның көптеген жеке өлеңдерін немесе эсселерін басқа бір нәрсемен салыстыруға болады, бірақ, жалпы шығармашылығын емес-ау...»