Келіңдер...

* * * Келіңдер, Шағын бір дастархан жаяйық. Алқызыл қызанақ, Көкбұйра ақжелкен, аскөктен қояйық. Сарымсақ, Пияз бен жұпарлы бұрыш бар, Безеулі қияр мен Тілінген қарбыз бар. Май болса, ырыс бар — Кәріптас Секілді жарқырап, күн күліп әйнектен, Ғажап нұр. Қара нан туралық, Ақ тұзбен дастархан бай неткен?! Мәрттікпен Қойғайсың тұтас бір құтыңды. Толық бір бөтелке жүзімнің шарабы — Дер кезі сықылды. Жағымды Еркіңше ішіп-жеу, ұсынса күз егес, Жарқыным, жеңілер біз емес, Жеңілер біз емес. Ешқашан. Тыңдасаң Жаратқан Тәңірді, Түнерген күншілден тентектеу Сүйген жан қадірлі.