Теледедар көрме, дүкенге де барма...

* * *

Теледедар көрме,
Дүкенге де барма.
Даңғазаға ерме,
Жалғыздықпен алда.
Тұр күшіңе сеніп,
Қорғаныста берік!

Төсегіңнен тұрма,
Сырқат болып күтін.
Мылқаудайын ымда,
Қақалтқандай түтін.
Көрсетпегін мықты ес,
Сонда сені түртпес!

Басыңды ал да бүркеп,
Көзіңді жұм қатты.
Қарсы келсе — бір теп,
Жіберместен сәтті.
Уақыт берер белі,
Тарта білсең демді!

Неге үрейлі көңіл,
Түн жамылып тұр бақ.
Қорқынышты өмір,
Әлде өлім — жұмбақ...
Бұдан шығар түйін:
Естіген де қиын!..