Сылқым сұлу кебісі биік өкше...
* * *
Сылқым сұлу кебісі биік өкше,
скрипка мен аккардеон күйін төксе,
сақалды шау тартқан бір генералды,
әлгі қыз бөксесімен сүйкеп өтсе.
Лириканы түсінбей, болады қырт,
өмір бойы Сібірде тұратын жұрт.
Тымақ иісін бұрқыраған суықта
оңтүстіктің тұрғындары ұғып па?!
Солтүстікте жолығатын қыздардың
арақ иісі аңқып ащы демінен,
аяз қарып, мұздай болған бетінен,
әсіресе, қас қарайған кездерде
сұлу болып кетеді олар шетінен.
Махаббатың машақаты жетеді,
екі сөзбен таусылмайды ашылып.
Оның сыры айтылмайды әркімге,
құнды болған құпиясы шашылып.
Ескі орындық тербеледі астында,
желкесіне айқастырып саусағын,
қарт қоймашы терезенің қасында...
Күш алғанын қара желдің қақырап,
көрсетеді көтерілген жапырақ.
Сылқым сұлу кебісі биік өкше,
скрипка мен аккардеон күйін төксе,
сақалды шау тартқан бір генералды,
әлгі қыз бөксесімен сүйкеп өтсе.
Лириканы түсінбей, болады қырт,
өмір бойы Сібірде тұратын жұрт.
Тымақ иісін бұрқыраған суықта
оңтүстіктің тұрғындары ұғып па?!
Солтүстікте жолығатын қыздардың
арақ иісі аңқып ащы демінен,
аяз қарып, мұздай болған бетінен,
әсіресе, қас қарайған кездерде
сұлу болып кетеді олар шетінен.
Махаббатың машақаты жетеді,
екі сөзбен таусылмайды ашылып.
Оның сыры айтылмайды әркімге,
құнды болған құпиясы шашылып.
Ескі орындық тербеледі астында,
желкесіне айқастырып саусағын,
қарт қоймашы терезенің қасында...
Күш алғанын қара желдің қақырап,
көрсетеді көтерілген жапырақ.





