Юрий Кублановский

1947 жылы Рыбинскіде туған. Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің өнертану бөлімін тәмәмдаған. Мурановтағы Ф. И. Тютчев атындағы музейде, Соловецк, Кирилло-Белозерск және Ферапонтовск музейлерінде қызмет атқарған. «СМОГ» әдеби шығармашылық ұйымының белсенді мүшесі болып, астыртын «Метрополь» альманағына қатысқан. 1982 жылы эмиграцияға кетуге мәжбүр болғандықтан, Париждегі «Русская мысль» мысль газетінде жұмыс істеп, 1990 жылы еліне оралды. Ресейде, АҚШ-та, Францияда шыққан 23 өлең жинағының авторы. «Чужбинное» (1993), «Число» (1994), «Дольше календаря» (2001), «В световом году» (2003), «На обратном пути» (2006), «Избранное» (2006), «Перекличка» (2010, 2012), «Посвящается Волге» (2010), «Изборник» (2011), «Чтение в непогоду» (2012), «Неисправные времена» (2015), «Долгая переправа» (2017) секілді жыр жинақтары көпшілікке мәлім. Көптеген сыйлықтардың лауреаты болған (оның ішінде Мәскеу Үкіметінің сыйлығы бар). Өлеңдері көптеген еуропа және азия тілдеріне аударылған. Александр Солженицын атындағы сыйлықтың, «Anthologia» поэтикалық сыйлығының, жаңа Пушкин сыйлығының, Ресей үкіметінің мәдениет саласындағы сыйлығының және Патриархтық әдеби сыйлықтың иегері. Мәскеуде тұрады.
Нобель сыйлығының лауреаты Александр Солженицын былай деп жазған: «Юрий Кублановскидің өлең жазу мәнері орыс әдебиетінің бастауларына және салттарына негізделген. Ол адамды жалықтырмай, керісінше, қайталап оқып, жаттап алуға ынталандырады».