Бұл қалашықты мен ойлап тауып, қондырарда көп халықты...

* * *

Бұл қалашықты мен ойлап тауып, қондырарда көп халықты
көгінен бұлттың көшін өткергем, оңбады, бірақ төменде іс...
Қалашық — дертті, тұрмыстарына тұжырым жасап алыпты:
«Ғұмыр қысқа ғой», — деген-мыс.

Қосылмады әуен, ақ тер-көк терге түскен музыкант жүр қажып.
Өшкен шамдарды сыпыра боқтап, электрші анда жанықты.
Көрдік сұлудың айна алдындағы реңі қашқанын, күрт азып.
Қалашық — дімкәс, ғаріп-ті.

Айыпты екенмін, мырзалар, ерен көрмеген тұстар тұр тұнып,
қырық қырсығы толас таппаған, «мен» атаулы сол пенде тек
барады бойлап саяжолдарды... Күз күрсінгенде жыртылып,
жотаммен сездім жетім жапырақ жылап жатқанын желге кеп.