Олег Юрьев
1959 жылы Ленинградта дүниеге келген. Ленинград қаржы-экономикалық институтын тәмәмдаған. Басылымдағы қызметін 1982 жылы бастады. 1991 жылдан Майндағы Франкфуртте (Германия) тұрады. Алты поэзиялық кітаптың авторы. «Таңдамалы өлеңдер мен хорлар» (2004), «Франкфурт кешінің түсірілімі» (2007), «Өлеңдер және басқа өлеңдер» (2011), «Отан туралы: өлеңдер, хорлар және әндер. 2010-2013» (2013), «Соңғы кездегі өлеңдер мен хорлар» (2016) секілді танымал жыр жинақтары бар. Сонымен қатар, оннан астам прозалық һәм драматургиялық кітаптары (пьесалар, романдар, әдебиет туралы мақалалар) жарық көрді. Хилда Домин атындағы сыйлықты (Германия), «Звезда» және «Новый мир» журналдарының жүлдесін, «Различие» сыйлығын, «Anthologia» поэтикалық сыйлығын иеленген. 2018 жылы дүниеден озды.
Ақын өз поэзиясында түрлі келеңсіздіктерден, ойдан шығарылған қиындықтар мен кедір-бұдырлардан қорықпай, керісінше, оларды әдейі әспеттеген. Сондай-ақ, сирек қолданылатын сөздер мен неологизмдер, жалпы жоғары интеллектуалдық мәтінге (айналымға) енген көше өрнектері оның дара поэтикалық стилінің маңызды белгілерінің бірін кұрайды.