Алексей Варламов

Алексей Николаевич Варламов (1963 ж. т.) — прозашы, әдебиеттанушы, публицист. «Үлкен кітап» (2007), Александр Солженицын атындағы (2006) және басқа да әдеби сыйлықтардың лауреаты.
Мәскеуде туған. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университінің филология факультетінің түлегі, ХХ ғасырдағы орыс әдебиетін зерттеуші. Филология ғылымдарының докторы, профессор, А. М. Горький атындағы Әдебиет институтының ректоры, РФ Президенті жанындағы мәдениет және өнер жөніндегі Кеңес мүшесі.
Бала кезінен жазып, баспада алғаш рет қалың журналдарға шыққан әңгімелер авторы ретінде танылды. Кіші прозадағы алғашқы жинағы — «Остожьедегі үй».
«Молодая гвардия» баспасының «Ғажап жандардың ғұмыры» топтамасында Варламовтың М. М. Пришвин, А. С. Грин, Г. Е. Распутин, М. А. Булгаков, А. Н. Толстой, А. П. Платонов, В. М. Шукшин, В. В. Розанов жайлы кітаптары шықты.
«Варламовтың барлық шығармаларындағы бұлжымас қағида — «өресі биік ескіліктің» (Лесков пен Тургеневке қарағанда, Шмелев пен Зайцевше) стиліне сәл бейімделген жұмсақ баяндау буыны, момын әрі ақкөңіл «кішкентай адамға» жаны ашуы, жалықтырмайтын, бірақ мардымды рәмізшілдік (діни тақырыпта жиірек)...»(Андрей Немзер).

Авторлық шығармалар

1 жұмыс