Өлі тыныштық элегиясы

Тыныштықтың ұмытыппын тілін мен,
айтыңдаршы,қандай тілде сөйлейді?
Деп айтады ол сауал толы бір үнмен,
осындай бір сұрақ маза бермейді.
Біресе алып роза гүлін орыстың,
сол сұрақпен маған тіке қарайды.
Біресе езіп ірімшігін немістің,
айналаға шолып әбден қарайды.
Біресе алып еврейдің қанжарын,
саусақтардың арасына қадайды.
Ол бір құдды генералдай кезекші,
сөйлейтұғын айнасына балайды.
Айтыңдаршы өліп өзі көрді ме?
Деп сұрайды таңқалдырып талайды.
Ал, мен болсам тағзым етіп өзенге,
қараңғыдан жарық жаққа ұмтылдым.
Ал, тыныштық жазғы кеште әлсіреп,
шеше алмады бұл сұрағын тылсымның.
Сосын барып мініп жасыл қоңызға,
тежегішті тартуға да ұмтылдым.
Қай тілде ол сөйлейтінін ұмыттым,
түнектің де қайда екенін білсін кім?