Бәрі есімде, болғанымен көбі ұмыт...
* * *
Бәрі есімде, болғанымен көбі ұмыт,
мектептегі сол жындылар бәлелі.
Бірге брага қайнататын еліріп,
бірінші боп ішетінім және оны.
Бәрі есімде мамырдағы шеруде
сабайтыны бізді шектен шықты деп.
Бір бірі үшін баратұғын өлуге
бәрібір де сол бір заман күштірек.
Свердловск кіндігіндей ғаламның,
өміріміз сияқтанып көрген түс...
Жататынбыз ортасында алаңның
маған ертең қойылатын ескерткіш.
Бәрі есімде, болғанымен көбі ұмыт,
мектептегі сол жындылар бәлелі.
Бірге брага қайнататын еліріп,
бірінші боп ішетінім және оны.
Бәрі есімде мамырдағы шеруде
сабайтыны бізді шектен шықты деп.
Бір бірі үшін баратұғын өлуге
бәрібір де сол бір заман күштірек.
Свердловск кіндігіндей ғаламның,
өміріміз сияқтанып көрген түс...
Жататынбыз ортасында алаңның
маған ертең қойылатын ескерткіш.





