Иілген күрең үйеңкілер көгеріп, жарылып жатыр...

* * *

Иілген күрең үйеңкілер көгеріп, жарылып жатыр,
мұздаған аппақ айдың сәулесі төгіліп жатыр.
Одан басқ ештеңе көрінбейді,
тек сен және тыныштық ауылы жатыр.

Мәйттің исі шығып шіріген жапырақтардан,
Мойыл сияқты жемістер де бұзылғанша жатып-ақ қалған.
Ағаш діңінің дыбыстары да естіліп жапырақ, талдан,
тек сен және тыныштық, басқа ешкім жоқ,
жел соғып тұр түнгі алқап, атыраптардан.

Ондай жерге, мен аяқты баспаймын да,
қолқаны ұрған айлақты тастаймын да,
еменнен жасап алған қайығыммен,
пештей маздап, кетемін басқа айдынға...