Ресей...
тақтасы өрнекті қабаққа дейін жетер-ді
А. Блок
Қол қусырып, қарап қалдың досыңа,
түрлі бояу жақтың және шашыңа.
Зерлі шәлі сусып түсіп иығыңнан,
«бейсболка кепка» кидің басыңа.
Ол да тозса — дайын тұрар пәрәнжі...
Мен ұялып, күйіп барам отыңа,
ана, сонда тілегенің осы ма?
Ұрыстарда — жауды тығып қуысқа,
жарты әлемді ұстап едік уыста.
Сия жұққан қағазға емес, тарихты
Рейхстагқа жазып едік ту ұстап!
Даңқымыздан айырылып байырғы,
рухымызды қойдық неге құлыптап?
Кінәміз бен күнәміз де көбейді,
кедейшілік мойнымызға құрық сап...
Қалт-құлт етіп дірілдейді тірсегің,
дәрігер де дертіңді ұқпай бір сенің.
Ұлы Жеңіс дақпыртына мастанып,
тағы да сол ащы суды сілтедің.
Мен де ішейін зәhарыңды сіміріп,
тілек айтпай, тост сөйлемей бір керім.
Алты құрлық қырын қарап өзіңе,
жалғыз қалдың, тарқатылмай мұң-шерің.
Дамылдайық, ағымыздан жарылып,
қарғалар да қоймады ғой қағынып,
өзімізге арнайықша Өмірді,
державалық кейпімізден арылып.
Не таптық біз асып әрі тасқаннан?
Өзімізді ойлайықшы жат болған.
Сол жағымда — Маммона тұр азғырып,
оң жағымда — шамшырағын жақты Алла.
Бізді бәрі маскүнемге теңейді,
қыз-қырқын да бейілді емес жақтауға.
Солға кетсең — отқа күйіп өлесің,
оңға кетсең — атың жүрмес батпандап.
Қарсы алдыңда — тұмшалаған көк тұман,
ана, бізге ұшу қалды аспанға...
А. Блок
Қол қусырып, қарап қалдың досыңа,
түрлі бояу жақтың және шашыңа.
Зерлі шәлі сусып түсіп иығыңнан,
«бейсболка кепка» кидің басыңа.
Ол да тозса — дайын тұрар пәрәнжі...
Мен ұялып, күйіп барам отыңа,
ана, сонда тілегенің осы ма?
Ұрыстарда — жауды тығып қуысқа,
жарты әлемді ұстап едік уыста.
Сия жұққан қағазға емес, тарихты
Рейхстагқа жазып едік ту ұстап!
Даңқымыздан айырылып байырғы,
рухымызды қойдық неге құлыптап?
Кінәміз бен күнәміз де көбейді,
кедейшілік мойнымызға құрық сап...
Қалт-құлт етіп дірілдейді тірсегің,
дәрігер де дертіңді ұқпай бір сенің.
Ұлы Жеңіс дақпыртына мастанып,
тағы да сол ащы суды сілтедің.
Мен де ішейін зәhарыңды сіміріп,
тілек айтпай, тост сөйлемей бір керім.
Алты құрлық қырын қарап өзіңе,
жалғыз қалдың, тарқатылмай мұң-шерің.
Дамылдайық, ағымыздан жарылып,
қарғалар да қоймады ғой қағынып,
өзімізге арнайықша Өмірді,
державалық кейпімізден арылып.
Не таптық біз асып әрі тасқаннан?
Өзімізді ойлайықшы жат болған.
Сол жағымда — Маммона тұр азғырып,
оң жағымда — шамшырағын жақты Алла.
Бізді бәрі маскүнемге теңейді,
қыз-қырқын да бейілді емес жақтауға.
Солға кетсең — отқа күйіп өлесің,
оңға кетсең — атың жүрмес батпандап.
Қарсы алдыңда — тұмшалаған көк тұман,
ана, бізге ұшу қалды аспанға...



