Денис Новиков

1967 жылы Мәскеуде туған. А. М. Горький атындағы Әдебиет интситутында оқыған. «Огонек» журналының поэзия бөлімінде қызмет атқарған. Өлеңдері баспасөзде 1985 жылдан жариялана бастаған. Алғашқы өлеңдер жинағы 1989 жылы шыққан. 1995 жылы «Окно в январе» (Иосиф Бродскийдің қорытынды сөзімен) жинағы, «Караоке» (1997), «Самопал» (1999) кітаптары жарық көрді. Англияда, Израильда тұрған. Кейін әдеби ортадан қол үзіп, әдеби сыйлықтар кезеңіне дейін баспасөзде жариялануды доғарып, кітаптарын да шығармай кеткен. «Арион» журналы байқауының лауреаты деген жалғыз ғана сыйлығы бар. 2014 жылы өмірден өтті. Қайтыс болғаннан кейін екі жинағы жарық көрді: «Виза» (2007) және «Река — облака» (2017).
Әдебиеттанушы, сыншы Артём Скворцов осы кітаптардың біріне жазған пікірінде: «Денис Новиков жас кезінен танылып, қалыптасқан ақындармен қатар мойындалған. Бірақ шығармашылық жағынан толысатын шағында әдебиеттен де, өмірден де ерте кетіп қалды. Ол өз замандастарының ішіндегі ең талантты ақындардың бірі болды», — деп тұжырымдайды.