Күтімсіз бақша — тұл, тым жүдеу...

* * *

Күтімсіз бақша — тұл, тым жүдеу,
қалақай түтіп жеп раушанды,
асбұршақты азғындық қарсы алды,
шие, өрік өскен жерде енді
ошаған сайрандап тербелді.

Ал, орман шетінде күресін артында,
есірткіден өртенуге шақ қалып,
ораулы түтігіне байланған,
граммафон үніндей шырмайтын
тозаққа айналған.

Азғантай қорқыныш, қайғы зор — керіліп,
көлеңке патшалығына жылынған — семіріп,
нөлді де жеп тынар жалаңдап.
Ал, мутант, ойланшы дамудың
ақыры не болмақ?
Армандар, батпақтар, ормандар...

Лирикадан соң. Эпостан соң.