Олег Чухонцев
1938 жылы Мәскеу облысының Павлов Посады қаласында дүниеге келген. Н. К. Крупская атындағы Мәскеу облыстық педагогикалық институтын бітірген. «Жастық» және «Жаңа әлем» журналдарының поэзия бөлімдерінде меңгеруші болып қызмет атқарған. 1960-1980 жылдар аралығында еуропалық және америкалық авторлардың, одақтық республикалар ақындарының өлеңдерін орыс тіліне белсенді түрде аударды. Он екі поэзиялық кітап пен жинақтың авторы. «Фифиа» (2003), «Из сих пределов» (2005), «Лирикадан» (2007), «Фамилиясы бірдей» (2008), «Үнсіздік сөзі. Әртүрлі кітаптан» (2014), «Тілсіз аудармашы. Таңдаулы аудармалар» (2014), «Выходящее из, уходящее за» (2015) секілді кітаптары көпшілікке танымал. 2019 жылы «Дыбыс және жаңғырық» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. РФ Мемлекеттік сыйлығын, «Новый мир» және «Знамия» журналдары сыйлығын, Альфред Тёпфер (Германия) қоры тағайындаған Пушкин сыйлығын, РФ Мемлекеттік Пушкин сыйлығын, «Жыл кітабы» ұлттық байқауының жүлдесін, «Anthologia» поэтикалық сыйлығын, Борис Пастернак атындағы сыйлықты, «Триумф», «Московский счет», ұлттық «Ақын» сыйлықтарын иеленген. Мәскеуде тұрады.
Чухонцев поэзиясы XX ғасырдың соңында әдеби кеңістікте маңызды орын алып, әдебиетшілер тарапынан жоғары бағаланды. Әсіресе, «Фифиа» кітабы шыққаннан кейін Чухонцев бұрынғы поэтикасын түбегейлі өзгерткен ақын ретінде танылды. Қазіргі өлеңдерінде ол рухани тәжірибесімен және жаңа тілдік мүмкіндіктерімен өткенді жоқтап, кәрілік жайлы, ақындық қасиет және оның айналадағы дүниені жатсынуы турасында, дамып келе жатқан ғаламдық хал-ахуал туралы толғанып жүр.