Сәуір сарыны

Ғұмыр бойы субұрқақтың сылдырын,
естіп келем,
     тыңдап келем су жырын.
Жолайрыққа
     жұлдыздардан құлаған,
көрдім және
     түрлі-түсті түн нұрын.

Өмір бақи о дүнеге елеңдеп,
өлімге айттым
     сәуірде мен келем деп.
Бұлт ішінен жұлдыз қарап тұрғанда,
болмағандай еш қиындық тереңдеп.
Тұманды Ай көзілдірік еткенде,
өлімге айттым
     сәуірде мен келем деп.

Күлімсіреп өтті, бәлкім, сан жылдар,
кетті, бәлкім, ғұмырменен зар-мұңдар.
Үнсіз айдың қоңыраулы үні боп,
шыршалардан естіледі ән-жырлар.
Мен өмірдің
     жапқан жоқпын қақпасын,
қоштасатын әлі де көп тағдыр бар...