Василий Бородин
1982 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік металлургиялық институтын бітірген. Редактор, корректор, иллюстратор болып жұмыс істеген. «Ақсәуле. Ақжелкен» (2008), «„Жел“ циркі» (2012), «Бұлан аралы» (2015), атты бірнеше поэзиялық кітаптардың авторы. Сондай-ақ, мерзімді басылымдарда жарияланған заманауи поэзия туралы мақалалары жарық көрген. Андрей Белый атындағы сыйлықтың, «Московский счет» сыйлығының, орыс-итальяндық «Белла» сыйлығының лауреаты. В. Бородин 2021 жылы қайтыс болды.
«Логика мен абсурдты теңестіре отырып, Бородин поэзиясы кеңістік пен уақытты әдеттегідей қабылдаудан өзгертеді», — дейді ақын және сыншы Денис Безносов.