Олег Дозморов

1974 жылы Свердловск (қазіргі Екатеринбур) қаласында дүниеге келген. Орал мемлекеттік университетінің филология факультетін һәм аспирантурасын және Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған. Еңбек жолын қарапайым жүк тиеуші, қарауылдық жұмыстардан бастап, кітапханашы, мұғалім, журналист, редактор қызметтерін атқарған. Орал мемлекеттік университетінде әдеби бірлестігіне, «Орал» журналы жанындағы «Лебядкин» әдеби клубына жетекшілік еткен. «Бос кеңістік» (1999), «Өлеңдер» (2001), «Сегізаяқтар» (2004), «Сусиырға қадала қарау» (2012), «Жайық екпіні» (2019) атты жыр жинақтары жарық көрген. «Урал» журналы сыйлығының, «Русская премия», «Московский счет» сыйлықтарының лауреаты. Лондонда тұрады.
Дозморов орыс классикалық поэзиясы қолжазбаларының жиегінде жыр жазудан жасқанбай, еш қымсынбастан сол көне жәдігерлерді жадының жаңғырығындай жаңаша жырлап та үлгерді. Сондай-ақ, оқырманға ой астарын түсіну үшін «бұл мәтін мүлдем қажет емес» деген дидар-ғайып ұғымын сіңіре алған ақын.