Неге солқылдатады миымды кеп...

* * *

Неге солқылдатады миымды кеп,
у қорғасын қалайша бас сүйектеріме құйылды көп?!
Айнаға қарап: «Неге кетті күйім жүдеп,
жайдары қабағым неге түйілді?» — деп,
сәл күттіріп алып, таң атса, күн де батады деп,
қазір ғана сөндірген шамым лезде қайта жанып жатады деп,
ал, жан болса баяғыдай неге қапалы деп
сіз оған айтасыз көрместейін...
Оның жауабы: Енді не істейін?

Міне қарашы, шөп шайнаған сусиыр сықпытына қарамай,
қолтырауын да ұсқынсыз тұрпатына қарамай,
хайуанаттырдың барлығы бақытты күн кешуде
әрбір сәтті бағалай.
Қарашы, менде бәрі тамаша! Көңіліміз көкте күнмен таласа,
Өзен, теңіз, тау мен орман жараса, шөптердің қосылып ызыңына,
Сән беріп табиғаттың қызығына,
Тенор дауысты тойлап жатыр масалар... Айналаға әндері тараса...
Сіз жасырмаңыз өніміңізді менен. Саудаласасыз енді немен?!