Шалап
Мен осындай кезімде таяу келме,
Бере алмаймын ол шақта саямды елге.
Мефистофель сияқты үйді кезем,
Әйелді де шошытам, аяу көрме.
Сол кейіппен басқа бір дәуірге енем,
Тоңазтқышты ашқанды тәуір көрем.
Бірақта біле алмаймын қалауымды,
Напалендай ойланам сабырменен.
Бөлмеге неге кірдім, күтем, қарап?
Қарбыз жегім келгендей... пішен... сабақ?!
Бір кезде сыбырлады Муза ж...п:
Қару-жарақ, арақ, шарап...
Жо-жоқ. О, таптым, ішем... шалап!
Бере алмаймын ол шақта саямды елге.
Мефистофель сияқты үйді кезем,
Әйелді де шошытам, аяу көрме.
Сол кейіппен басқа бір дәуірге енем,
Тоңазтқышты ашқанды тәуір көрем.
Бірақта біле алмаймын қалауымды,
Напалендай ойланам сабырменен.
Бөлмеге неге кірдім, күтем, қарап?
Қарбыз жегім келгендей... пішен... сабақ?!
Бір кезде сыбырлады Муза ж...п:
Қару-жарақ, арақ, шарап...
Жо-жоқ. О, таптым, ішем... шалап!





