Ұйықтап кетіп көрініске құлайсың...
* * *
Ұйықтап кетіп көрініске құлайсың...
DVD-де жүргендейін шыдайсың.
Көрінеді ескі маяк жартастан,
Әуен туып, көңілге мұң жармасқан.
Ұйықтап кетсем кеме көрем түсімде,
Музам менің жас төгеді ішімде.
Теңіздерге бірге шыққан жандарды,
Іздеймін мен қыстағы аппақ таңдарды.
Түсің шынға айналғандай болады,
Бәріміз де бұл дүниенің қонағы.
Түс жиналып бамбук әлем қойнына,
Бәрі келіп басталғандай той мына.
Мен өлген соң сен көр де тұр, осыдан,
Теңіз болып мұхитпенен қосылам.
Дүниеден қас қақпастан өтермін,
Кашалот пен тюлень болып кетермін.
Ұйықтап кетіп көрініске құлайсың...
DVD-де жүргендейін шыдайсың.
Көрінеді ескі маяк жартастан,
Әуен туып, көңілге мұң жармасқан.
Ұйықтап кетсем кеме көрем түсімде,
Музам менің жас төгеді ішімде.
Теңіздерге бірге шыққан жандарды,
Іздеймін мен қыстағы аппақ таңдарды.
Түсің шынға айналғандай болады,
Бәріміз де бұл дүниенің қонағы.
Түс жиналып бамбук әлем қойнына,
Бәрі келіп басталғандай той мына.
Мен өлген соң сен көр де тұр, осыдан,
Теңіз болып мұхитпенен қосылам.
Дүниеден қас қақпастан өтермін,
Кашалот пен тюлень болып кетермін.





