Шоколадтан құйылған тәтті атым бар еді...

* * *
Шоколадтан құйылған тәтті атым бар еді,
кішігірім кісінің басындай-ды көлемі,
шойын үтік секілді зілдей еді, несі екен,
кейін анық болғандай құрғыр іші бос екен.

Үшке шыққан жасымда үлкен әпкем сыйлаған,
үлкен жерде істейтін, әлбетте, ол — сыйлы адам.
Сол ат десе жан бөлек, жақсы көрдім ерекше,
тіпті жалап көрмедім, жеуден бұрын, керексе.

Жарты жылдай жарықтық жақсы күнін өткерді,
қатып-семіп, шаң басып, тіпті, білем, зәктенді,
терезенің алдынан құлатты оны мысығым,
тарлығынан болды сол мысығымның ішінің,

қирандысын жинап ап, жудық, шайдық, кептірдік,
күн бойы жылаумен, көппен бірге жеп тындық.
Қойсаңызшы, қойыңыңыз, бұл махаббат сылқымды,
иә, өзі біртүрлі.