Евгений Водолазкин
Евгений Германович Водолазкин (1964 ж. т.) — прозашы, филолог, әдебиеттанушы. «Большая книга» (2013), «Ясная Поляна» (2013), Александр Солженицын атындағы (2019) әдеби сыйлықтардың лауреаты.
Киевте дүниеге келген. Т. Г. Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Филология ғылымдарының докторы. Зерттеу саласы: Ежелгі Ресейдің тарихи баяндалуы, ескі орыс экзегезі. 100-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. Ол «Игорь жасағы жайлы жыр» энциклопедиясын және «Ежелгі Ресей әдебиеті кітапханасы» топтамасын құрастыруға атсалысты. Санкт-Петербург және Мюнхен университеттерінде дәріс оқыды.
Алғашқы жарияланған романы — «Соловьев пен Ларионов». Ол 2013 жылы «Лавр» романы үшін екі бірдей беделді сыйлыққа ие болды. «Авиатор», «Оправдание острова», «Чагин» романдары оқырман қауым тарапынан жоғары бағаланды.
Водолазкин шығармашылығына аса биік филологиялық мәдениет пен орыстың рухани және психологиялық прозасының терең дәстүрлерінің тамаша үйлесімі тән.