Қаланың шетінде қараусыз қалған бақ...

* * *

Қаланың шетінде қараусыз қалған бақ,
Жемісін береді ескі әдет бойынша.
Алмалар жатса да бастарды «талқандап»,
Онда жоқ еш айып адамдар ойынша.

Көркі бар көз тартар бояған таң лебі,
Қарашы — бұл нағыз Ақ Құйма құбылыс.
Тұрғанда табиғи туған жер дәмдері,
Поляктар алмасын жегізді-ау ұлы күш.

Жабайы алмадан мұң шашар аққан нұр,
Итіне ілескен кемпірді аңғардым.
Қаңғыбас-замандас, сен де енді шаттан бір,
Тамыры жанданған сәтіндей талдардың.

Ақыным, шын айтшы, ағаш па ең мәуелі,
Қайда сол, сиқырлы ана бір сазың ше?
Кабак пен барлардың даңғаза әуені,
Даусыңды жұтпаған сияқты әзірше...