The Dark Side of Love
Қалыс күннің қайта оралмас махаббатын еске алып,
ет жүректен енші берер жандай көзге жас толып,
өзегімді өрт боп шалған, дерт боп қалған сезімді,
билеп алам деп ойлаған бейкүмәнді кезімді,
еске аламын, тән мен сезім, оймен бәрі бірігіп,
дірдегімен, кемсеңімен кетсе деп ем кірігіп,
мендік болса деуші ем демі, көзі, есімі байланып,
жүрегіме құлау шырқау биігіне айналып.
Зары қалды, өткен жылдар таратып ап қалғанын,
ең қатыгез бір шешімді сезіндіріп салмағын:
оның барлық жылуы мен тұтас алу жастығын,
болмақшы екен менің жасар зұлымдық пен қастығым.
Мұндай сезім қорқынышты, аянышты, үрейлі,
шын сүйген жан қалай ғана сол сезімді тілейді?
Құшағыңа қысып тұрып, босатарда, жан қалмай,
шошынасың, бір үрейді түс ішінде қалғандай.