Одиссей
Қысқа вексельдері бар ұзын моносаяхат
Құмарлыққа, қорқынышқа, дертке берік емеспін.
Бармау үшін майданға ессіз бола жөнелдім,
ол ессіздік екі орайды ессіздігін әлемнің, қ
анша қулық қылсам да, сол қулықтан іш кеуіп,
өгіз бенен есекті қатар жегіп, тұз сеуіп,
өсіртпеді алайда өтіріктің сақалын,
өз баламды астына лақтырады соқаның,
тастап шықтым үйімді, борыш болса, өтелік,
қылышымды асынып, қалқанымды көтеріп.
<...>
Аяқтауға соғысты, айла қажет, өренім,
ат тұрғыздым ағаштан, тақтайынан кеменің,
ат ішіне тығылып, асып өттік қорғаннан,
көріпкелге сенбеген, тағдырға да болжанған,
қайран, троялықтар! Құдай сыйы деп мұны,
қирады да құлады ұлы қала сол түні!
<...>
Мені соғыс байлады, қулық үшін кек алды,
жиырма жылым теңіздің толқынында жоғалды,
кеме ойнайды жаңқадай жел мен күнге мүжілген,
желкенменен жыртылған, үмітпенен үзілген,
ай мен күннен жаңылып, жартас санап, жар қарап,
қарғыс қуған кісідей қара басты қорғалап,
мұрынбоқтай салбырап, сандалдым да сабылдым.
<...>
Тірі қалу — бір тілек, жар тілегі — жастықта,
уақыт пен кеңістік болар алар ма достықта?
Уақытты созамын, күн жеген бір кенептей,
тоз-тоз болып жыртылды ол, қиқаланған желектей,
кеме рульі секілді қашықтықты қолға алам,
ал ол болса саусақтың арасынан сорғалар,
толқындар мен иесіз аралдарға жорғалар.
<...>
Оралғанда үйіме, оу, ордалы жыландай,
тосты табалдырықтан ит секілді сылаңдай,
оу, ордалы жыландай қалың күйеусымақтар,
тағы қылыш көтердім, (Не ақтайды? Кім ақтар?),
қанды құрбандығын мен тағы бердім майданның,
сол майданның тойымсыз құрбанына айналдым,
мәңгілік аш өзегі жерік адам етіне,
сұм соғыстың алдында адам құны не, түге?!