Ескекті қыз ескі күннің...
* * *
Ескекті қыз ескі күннің,
есімді алды елесіндей,
жалты қайда жастығымның,
көктем, қайта келесің бе?
бордай тозған боз мүсіннен,
балғындығы байқалардай,
сүйем деген сөзді ішінен,
жарты ғасыр қайталардай.
Сұңғақ бойын тік ұстайды,
мүкке оранған, қына басқан,
жылдар жақын тыныстайды,
ұшпағандай мына бастан.
Қызыл жұлдыз балалықты,
біз қалайша бөтен қылдық,
қыз күніндей жаланып тұр,
сағатымда — жеті он жылдық.
Гипс, картон, фанер деген,
тұрмыстың тұл көшірмесі,
о, жетпіс жыл пионердің,
ессіз қылық — есіндесің.
О, қаншама жалған даңқ бар,
осынау бір шолжаң қызда.
Бұл не өзі, таза шақтар?
Біз де сондай болғанбыз ба?!.
Қыс келді.
Ескекті қыз ескі күннің,
есімді алды елесіндей,
жалты қайда жастығымның,
көктем, қайта келесің бе?
бордай тозған боз мүсіннен,
балғындығы байқалардай,
сүйем деген сөзді ішінен,
жарты ғасыр қайталардай.
Сұңғақ бойын тік ұстайды,
мүкке оранған, қына басқан,
жылдар жақын тыныстайды,
ұшпағандай мына бастан.
Қызыл жұлдыз балалықты,
біз қалайша бөтен қылдық,
қыз күніндей жаланып тұр,
сағатымда — жеті он жылдық.
Гипс, картон, фанер деген,
тұрмыстың тұл көшірмесі,
о, жетпіс жыл пионердің,
ессіз қылық — есіндесің.
О, қаншама жалған даңқ бар,
осынау бір шолжаң қызда.
Бұл не өзі, таза шақтар?
Біз де сондай болғанбыз ба?!.
Қыс келді.




