«Гимн» топтамасынан
Жапанда
Ерлікке тағзым еткенмен, дақпыртқа жаным жоқ еді,
Амурдың атқаны жүрекке, жебе емес әсте, оқ еді.
Өңің мен сенің түсіңді, күзету үшін бекіндім,
ұмыт боп қалған бекетте, белгісіз солдат секілді.
Аңыздан ұшқан сол оқтың, жарасы гүлге айналар,
тікені сезім бүріндей, жүректі қартаң аймалар.
Антена да өзім, ауа-райы болжамы, телефон және мембрана,
жапанда жатқан сен үшін, барлығы енді мен ғана.
Ештеңе етпес біздерді ұмытқаны достардың,
мен де ешкімді күтпедім, мен де ешкімді тоспадым.
Шаршаған соң болмыстан құшақ жайғым келмейді,
жүректегі түйір оқ миымды шайқап, тербейді.
Өктемдігін үдетіп, ол маған маза бермейді,
сондықтан бәрін көремін, ессіз де болғым келмейді.
Көргенім сол ғой өзіңмен, жапанда жалғыз тыс қалып,
өлеңнің жолы ұзарып, өмірдің жолы қысқарып.
Шомылатын бөлмеде
Адыраспан түтінін, сусабындай көпіртіп,
махаббатқа сүңгітем мен өзіңді өкіртіп.
Менің аппақ шаштарым шілдедегі толған-ай,
өмір сүрші, ақ бас шал, өлім жайлы ойламай.
Су патшасы секілді жанарыңмен тесесің,
тұңғиықтан соғатын, тұма желдей есесің.
Кім өлімді ұмытса, жылдам табар өлімді,
өлім жайлы ойламай, түсінбейсің өмірді.
Су сабыннан жат жұрттық, көпіреді дариям.
Мәңгілік көк теңіздей — сен, сүйікті қариям.
Иірілген жыландай, батарейде шапаны,
ал, буланған айнадан, көздің жасы тамады.
Орманда
Сенің көзіңде мәңгілік мұздық еріді,
менің көзімде ғасырлық түнек кеміді.
Анод пен катодпыз біз күрделілеу ғылымда,
көлеңке мен жарықпыз, қарапайым ұғымда.
Мен сенің қосағыңмын қоса ағарған,
бір бақыт біздерді ылғи тосады алдан.
Мен сенің қабырғаңнан жаратылып,
біз бірге аттанғанбыз осы арадан.
Артқа тастап мың жылдық машақатты,
келеміз біз суытпай махаббатты.
Кеңістік, уақыт мәні, троян дауы,
алтын тері соғыстың баяндауы.
Қазіргі құм, бұрынғы алтын тері,
махаббат деп сарнайды сылқым сері.
Барлық қайғы сүюден болып қалған,
Римдік қанішер оның да емшектері,
суайттықтан суалып, солып қалған.
Сері емес, бірақ, өзім сөз аңдыған,
жармасып, жанталасып тал қармаған.
Мендік сәуле және сенің көлеңкең,
өле қоймас ақылдың көптігінен,
жоғалар тек өзіңнің септігіңнен.
Яффс қақпасында
Мен сенің Суламифің, қарт Сүлеймен,
жанары жай отындай, Тақ Сүлеймен.
Жасқанам сенің осы қарасыңнан,
сен мені танисың ба, бөктердегі
кимешекті көп кемпір арасынан?
Сен мені шешіндірсең танисың ба,
балтырың солыпты деп налисың ба?
Әжім тартқан терімнен секпілденіп,
тамырым тарамдалып көрінеді,
инеліктің қанаты секілденіп.
Құрманың жемісіндей мыжырайған,
төсімді танисың ба тыжырайған?
Ажарымнан әр кетіп тамсандырған,
мен сені күтем кейде томсырайып,
Яффстің қақпасының қарсы алдынан.
Суып-ысып сенің от құшағыңда,
әнге оранған сезімнен ұшамын ба?
Бұлқынған бұла сезім дертін еміп,
әннен туған махаббат сертіне еріп,
мен сенің маңыңа да жоламадым,
сұлулығым жоқ менің, жоқ амалым,
ердің көркі рухы мен мінезінде,
қаяу салғым келмейді көңіліңе,
патшам-ау, сен осыны білесің бе?
Сөздерің қандай сырлы еді сенің,
шашымды менің күннің нұры дедің.
Бақташы да жетер-ді тояттауға,
мен білмейтін сезімді оятпауға.
Нағыз сүю сананы улауында,
жүрегіңнің түбінде тұма сезім
піскен өрік түгіндей тулауында.
Арадайын гүлдерден бал соратын,
сөздеріңді қайтейің балқытатын.
Сезіміме арнаған әнұрандай,
менің нәзік жанымды шалқытатын.
Саған дейін еш ақын жырламаған,
жадымдағы жаңғырық сырлар аман.
Қарттық келіп сені де күйретті ме,
тәубеден жаңылуды үйретті ме?
Жөнің жоқ қой, патшам-ау, қағынатын,
алтын бұзау тұлыпқа табынатын.
Ту сыртыңнан өзіңнің тыс айналып,
сиындым өзің үшін үш айналып.
Тұтатып жақтым және жеті шырақ,
тып-тыныш бөлме ішінде әрең шыдап.
Тәубе еді өзің үшін тілегенім,
тәубеден басқа ештеңе тілемедім.
Тәубеңе келші, патшам, жылап тұрып,
алтын өгіз тұлыбын тулақ қылып...
Бақшадағы орындықта
Ұйысып тұр арам шөбі қаулаған,
сәні қашып құлазыған ауладан,
әрі ұзамай қарта ойнаймыз екі қарт,
баяғының шонжарынан аумаған.
Жұртта қалған жұмыр басты пенденің,
ермегі ғой қу көңілін алдаған.
Қараусыз қап ауламыздан сән кетті,
қарттық жетіп бойымыздан әл кетті,
шамамыз жоқ түзететін қақпаны,
әл кеткен соң көп нәрседен мән кетті.
Дәріхана жеткізбейтін болды да,
дәрменсіздік, бір мүсәпір хәл жетті.
Кітап оқып, газет шолып зеріктік,
бәрінен де қажыдық қой, еріктік.
Енді міне қарта ойнап отырмыз,
сол ойынмен зерігуді кеміттік.
Көңіліңді қимай сенің ұтылып,
желігіңді одан сайын желіттік.
Ұтылу да оңай емес сен үшін,
ойын деген соғыс сынды ер үшін.
Сен соғыстан аман қайттың, алайда,
соның өзі олжа емес пе мен үшін?!
Түйе дамы, қызыл жүрек... сезім тек,
қиық қатын қиындығы сезілмек,
ал, мен болсам, шыбын жанды арумын,
шыбын жаны шырылдаған өзің деп.
Қызғаныш
Қызғанышың қызық қой, қара шалым,
ызғарындай болып тұр қарашаның.
Көрмейсің бе мен кәрі кемпірмін ғой,
өзіңнен басқа кіммен жарасамын?
Мен де бір қорқынышты кемпір едім,
қызғанышың күлкімді келтіреді.
Қораздай қомпаңдаған аула қорып,
шал қызғанса, күлкіден өлтіреді.
Сен, бірақ, қызғанба, шал, қызғанба, шал,
қолғабысқа келген бір қонақ шығар.
Гүл сыйласа, көңілді көтеру де,
өзінің де білгені сол-ақ шығар.
Ол да армандар біз сынды қартаюды,
қартайып, бір жамбасқа жантаюды.
Қарттықты сыйлап келген қонақтардың,
мақтауына семіріп, марқаюды.
Олар да бізге қарап қызығады,
сен де басыл, көңілің бұзылады.
Зұлымдық көп жалғанда... сондықтан да,
кемпірің көңіл үшін сызылады.
Біздің кездесу
Ағаш діңін соққылап, тоқылдақ нәр іздейді,
ерте тұрдым мен, бірақ, сені оятқым келмейді.
Сен соғысып болдың ғой, әркімге өз ызғары,
бауырыңды қарыған Ладога, Еділ мұздары.
Ал, мен болсам, моргте, мәйіт тасып күн кештім,
жетімдіктен жетіліп, тағдырыммен тілдестім.
Тоғысуы тағдырдың сырға толы жасырын,
жылу іздеп жүрекке, біз жолықтық, асылым.
Көл жағасында
Қыс қамына бәйбішелер алаңдар,
ал, мен үшін осы шақ пен далам бар.
Сабағында өмір нәрі тулаған,
неткен ғажап мына гүлдер, қараңдар.
Сен Одесса мен Бакуге елеңдеп,
хабар күттік, достан сәлем келер деп.
Мұңаямыз, әндетеді көк шалғын,
ұшып-қонып шегіртке мен көбелек.
Солай, жаным, империя құлады,
біз туған жер — бөтен жұрттың тұрағы.
Тамағымнан өтпей қалған ол менің,
көк құрманың дәніндей боп тұрады.
Орыс тілі гүлдемейді ол жақта,
орысшаны ұмымытады жаңғақ та.
Империя құлады деп құлазу
көркем емес, аянышты, бірақ та.
Мұңаймайық осы әсем шақтарда,
менің мұңым саған әсте жаққан ба?
Көңіліме құрт түсер деп қорықпа,
мен өзің деп өмір сүріп жатқанда.
Құлағыңда Қара теңіз гуілдер,
тамырымда Каспий толқып, гүрілдер.
Мұңлы жырды тәмәмдайын дұғамен,
күннен-күнге көркейе бер, жұмыр жер!
* * *
Сен — лаврдың құрбаны, мен — өріктің,
мойындасақ ұят емес, көріктім.
Уақыттың жанарда түйісуі,
Голгофа мен Фавордың ұйысуы.
Біздер жаспыз, себебі, тым кәріміз,
тағдырдың талай тарттық мұң зарын біз.
Біріншіден, көрдік қой көрмегенді,
екіншіден, есіркер өлмегенді
Құдірет қолымен.
Ерлікке тағзым еткенмен, дақпыртқа жаным жоқ еді,
Амурдың атқаны жүрекке, жебе емес әсте, оқ еді.
Өңің мен сенің түсіңді, күзету үшін бекіндім,
ұмыт боп қалған бекетте, белгісіз солдат секілді.
Аңыздан ұшқан сол оқтың, жарасы гүлге айналар,
тікені сезім бүріндей, жүректі қартаң аймалар.
Антена да өзім, ауа-райы болжамы, телефон және мембрана,
жапанда жатқан сен үшін, барлығы енді мен ғана.
Ештеңе етпес біздерді ұмытқаны достардың,
мен де ешкімді күтпедім, мен де ешкімді тоспадым.
Шаршаған соң болмыстан құшақ жайғым келмейді,
жүректегі түйір оқ миымды шайқап, тербейді.
Өктемдігін үдетіп, ол маған маза бермейді,
сондықтан бәрін көремін, ессіз де болғым келмейді.
Көргенім сол ғой өзіңмен, жапанда жалғыз тыс қалып,
өлеңнің жолы ұзарып, өмірдің жолы қысқарып.
Шомылатын бөлмеде
Адыраспан түтінін, сусабындай көпіртіп,
махаббатқа сүңгітем мен өзіңді өкіртіп.
Менің аппақ шаштарым шілдедегі толған-ай,
өмір сүрші, ақ бас шал, өлім жайлы ойламай.
Су патшасы секілді жанарыңмен тесесің,
тұңғиықтан соғатын, тұма желдей есесің.
Кім өлімді ұмытса, жылдам табар өлімді,
өлім жайлы ойламай, түсінбейсің өмірді.
Су сабыннан жат жұрттық, көпіреді дариям.
Мәңгілік көк теңіздей — сен, сүйікті қариям.
Иірілген жыландай, батарейде шапаны,
ал, буланған айнадан, көздің жасы тамады.
Орманда
Сенің көзіңде мәңгілік мұздық еріді,
менің көзімде ғасырлық түнек кеміді.
Анод пен катодпыз біз күрделілеу ғылымда,
көлеңке мен жарықпыз, қарапайым ұғымда.
Мен сенің қосағыңмын қоса ағарған,
бір бақыт біздерді ылғи тосады алдан.
Мен сенің қабырғаңнан жаратылып,
біз бірге аттанғанбыз осы арадан.
Артқа тастап мың жылдық машақатты,
келеміз біз суытпай махаббатты.
Кеңістік, уақыт мәні, троян дауы,
алтын тері соғыстың баяндауы.
Қазіргі құм, бұрынғы алтын тері,
махаббат деп сарнайды сылқым сері.
Барлық қайғы сүюден болып қалған,
Римдік қанішер оның да емшектері,
суайттықтан суалып, солып қалған.
Сері емес, бірақ, өзім сөз аңдыған,
жармасып, жанталасып тал қармаған.
Мендік сәуле және сенің көлеңкең,
өле қоймас ақылдың көптігінен,
жоғалар тек өзіңнің септігіңнен.
Яффс қақпасында
Мен сенің Суламифің, қарт Сүлеймен,
жанары жай отындай, Тақ Сүлеймен.
Жасқанам сенің осы қарасыңнан,
сен мені танисың ба, бөктердегі
кимешекті көп кемпір арасынан?
Сен мені шешіндірсең танисың ба,
балтырың солыпты деп налисың ба?
Әжім тартқан терімнен секпілденіп,
тамырым тарамдалып көрінеді,
инеліктің қанаты секілденіп.
Құрманың жемісіндей мыжырайған,
төсімді танисың ба тыжырайған?
Ажарымнан әр кетіп тамсандырған,
мен сені күтем кейде томсырайып,
Яффстің қақпасының қарсы алдынан.
Суып-ысып сенің от құшағыңда,
әнге оранған сезімнен ұшамын ба?
Бұлқынған бұла сезім дертін еміп,
әннен туған махаббат сертіне еріп,
мен сенің маңыңа да жоламадым,
сұлулығым жоқ менің, жоқ амалым,
ердің көркі рухы мен мінезінде,
қаяу салғым келмейді көңіліңе,
патшам-ау, сен осыны білесің бе?
Сөздерің қандай сырлы еді сенің,
шашымды менің күннің нұры дедің.
Бақташы да жетер-ді тояттауға,
мен білмейтін сезімді оятпауға.
Нағыз сүю сананы улауында,
жүрегіңнің түбінде тұма сезім
піскен өрік түгіндей тулауында.
Арадайын гүлдерден бал соратын,
сөздеріңді қайтейің балқытатын.
Сезіміме арнаған әнұрандай,
менің нәзік жанымды шалқытатын.
Саған дейін еш ақын жырламаған,
жадымдағы жаңғырық сырлар аман.
Қарттық келіп сені де күйретті ме,
тәубеден жаңылуды үйретті ме?
Жөнің жоқ қой, патшам-ау, қағынатын,
алтын бұзау тұлыпқа табынатын.
Ту сыртыңнан өзіңнің тыс айналып,
сиындым өзің үшін үш айналып.
Тұтатып жақтым және жеті шырақ,
тып-тыныш бөлме ішінде әрең шыдап.
Тәубе еді өзің үшін тілегенім,
тәубеден басқа ештеңе тілемедім.
Тәубеңе келші, патшам, жылап тұрып,
алтын өгіз тұлыбын тулақ қылып...
Бақшадағы орындықта
Ұйысып тұр арам шөбі қаулаған,
сәні қашып құлазыған ауладан,
әрі ұзамай қарта ойнаймыз екі қарт,
баяғының шонжарынан аумаған.
Жұртта қалған жұмыр басты пенденің,
ермегі ғой қу көңілін алдаған.
Қараусыз қап ауламыздан сән кетті,
қарттық жетіп бойымыздан әл кетті,
шамамыз жоқ түзететін қақпаны,
әл кеткен соң көп нәрседен мән кетті.
Дәріхана жеткізбейтін болды да,
дәрменсіздік, бір мүсәпір хәл жетті.
Кітап оқып, газет шолып зеріктік,
бәрінен де қажыдық қой, еріктік.
Енді міне қарта ойнап отырмыз,
сол ойынмен зерігуді кеміттік.
Көңіліңді қимай сенің ұтылып,
желігіңді одан сайын желіттік.
Ұтылу да оңай емес сен үшін,
ойын деген соғыс сынды ер үшін.
Сен соғыстан аман қайттың, алайда,
соның өзі олжа емес пе мен үшін?!
Түйе дамы, қызыл жүрек... сезім тек,
қиық қатын қиындығы сезілмек,
ал, мен болсам, шыбын жанды арумын,
шыбын жаны шырылдаған өзің деп.
Қызғаныш
Қызғанышың қызық қой, қара шалым,
ызғарындай болып тұр қарашаның.
Көрмейсің бе мен кәрі кемпірмін ғой,
өзіңнен басқа кіммен жарасамын?
Мен де бір қорқынышты кемпір едім,
қызғанышың күлкімді келтіреді.
Қораздай қомпаңдаған аула қорып,
шал қызғанса, күлкіден өлтіреді.
Сен, бірақ, қызғанба, шал, қызғанба, шал,
қолғабысқа келген бір қонақ шығар.
Гүл сыйласа, көңілді көтеру де,
өзінің де білгені сол-ақ шығар.
Ол да армандар біз сынды қартаюды,
қартайып, бір жамбасқа жантаюды.
Қарттықты сыйлап келген қонақтардың,
мақтауына семіріп, марқаюды.
Олар да бізге қарап қызығады,
сен де басыл, көңілің бұзылады.
Зұлымдық көп жалғанда... сондықтан да,
кемпірің көңіл үшін сызылады.
Біздің кездесу
Ағаш діңін соққылап, тоқылдақ нәр іздейді,
ерте тұрдым мен, бірақ, сені оятқым келмейді.
Сен соғысып болдың ғой, әркімге өз ызғары,
бауырыңды қарыған Ладога, Еділ мұздары.
Ал, мен болсам, моргте, мәйіт тасып күн кештім,
жетімдіктен жетіліп, тағдырыммен тілдестім.
Тоғысуы тағдырдың сырға толы жасырын,
жылу іздеп жүрекке, біз жолықтық, асылым.
Көл жағасында
Қыс қамына бәйбішелер алаңдар,
ал, мен үшін осы шақ пен далам бар.
Сабағында өмір нәрі тулаған,
неткен ғажап мына гүлдер, қараңдар.
Сен Одесса мен Бакуге елеңдеп,
хабар күттік, достан сәлем келер деп.
Мұңаямыз, әндетеді көк шалғын,
ұшып-қонып шегіртке мен көбелек.
Солай, жаным, империя құлады,
біз туған жер — бөтен жұрттың тұрағы.
Тамағымнан өтпей қалған ол менің,
көк құрманың дәніндей боп тұрады.
Орыс тілі гүлдемейді ол жақта,
орысшаны ұмымытады жаңғақ та.
Империя құлады деп құлазу
көркем емес, аянышты, бірақ та.
Мұңаймайық осы әсем шақтарда,
менің мұңым саған әсте жаққан ба?
Көңіліме құрт түсер деп қорықпа,
мен өзің деп өмір сүріп жатқанда.
Құлағыңда Қара теңіз гуілдер,
тамырымда Каспий толқып, гүрілдер.
Мұңлы жырды тәмәмдайын дұғамен,
күннен-күнге көркейе бер, жұмыр жер!
* * *
Сен — лаврдың құрбаны, мен — өріктің,
мойындасақ ұят емес, көріктім.
Уақыттың жанарда түйісуі,
Голгофа мен Фавордың ұйысуы.
Біздер жаспыз, себебі, тым кәріміз,
тағдырдың талай тарттық мұң зарын біз.
Біріншіден, көрдік қой көрмегенді,
екіншіден, есіркер өлмегенді
Құдірет қолымен.




