Лашықтағы жыр
Трепанганың
шығанағы бәлкім бұл,
Ұйқыдағы
теңізшідей қалпым бұл.
Түсіме енді
буырқанған көк теңіз,
Бақ құсымды
тек үркітіп кетпеңіз.
Бір қызықты
кино болып жатқандай,
Толқын ойлар
жағалауын тапқандай.
Жүрегім де
бұл өмірді ұққандай,
Дүбірлетіп
тұлпар шауып шыққандай.
Кеткендейін
карталарым шашылып,
Ал, мен болсам
жинаудамын асығып.
Дұрыс па екен,
бұрыс па өмір ағыны,
Өмір, бәлкім,
бұлдыр бақыт сағымы.
шығанағы бәлкім бұл,
Ұйқыдағы
теңізшідей қалпым бұл.
Түсіме енді
буырқанған көк теңіз,
Бақ құсымды
тек үркітіп кетпеңіз.
Бір қызықты
кино болып жатқандай,
Толқын ойлар
жағалауын тапқандай.
Жүрегім де
бұл өмірді ұққандай,
Дүбірлетіп
тұлпар шауып шыққандай.
Кеткендейін
карталарым шашылып,
Ал, мен болсам
жинаудамын асығып.
Дұрыс па екен,
бұрыс па өмір ағыны,
Өмір, бәлкім,
бұлдыр бақыт сағымы.





