Әйелдердің тып-тыныш лирикасы
Әйелдердің лирикасы ол тып-тыныш,
тыныштық деген сөздің өзіне береді өзгеше мән,
бір мағына.
Үмітіңе үкім оқып, күдігіңді шығарар бір жағына.
Әне дәтіңді қайрап отыр ол жасанды тырнағына.
Ернін бояса алқоңыр таң бүрлеген,
сондай түрлі болады-ау тағдыр деген.
Бір-ақ рет қарағаны жетеді кекесін,
көз алдыңда көп жерді ілкіден жүріп өтесің,
кейде көңіл күйінің ішінде отырады қым-қиғаш,
ондай сәт, өміріңнің сыртына шығып кетесің.
Күлсе — көктем өсіп шығады тіл ұшында,
бірақ, жасырынып тұратын бір күз бар бұрышында,
еркелей назданғанда хор елінің гүлі сынды,
кейде қатардағы жай пенденің бірі сынды
сондай сезімдердің арасында жүріп,
ажырата алмай қаласың жынысыңды.
Тіпті, о дүниемен кетеді сендегі мұң ұйқасып,
құбылмалы көңілінен қаланар мың үй тасы,
бір ойынан өмір жалдап, тіршілік тұтандырасың мәңгіге,
миығынан қарасы — ажалдың мимикасы?
Әне сондай, тып-тыныш кісі өлтіріп ойнайды әйел... Лирикасы!
Еркелей назданғанда хор елінің гүлі сынды,
кейде қатардағы жәй пенденің бірі сынды
сондай сезімдердің арасында жүріп,
ажырата алмай қаласың жынысыңды.
Тіпті о дүниемен кетеді сендегі мұң ұйқасып,
құбылмалы көңілінен қаланар мың үй тасы