Уақыттың болмысы бар екенін...

* * *

Уақыттың болмысы бар екенін,
оның бойында тоздырмас мол күші бар екенін,
қанша ғұмыр кешсең де тамсанып бір,
ашыған сорпадай дәмі болатынын соншалықты
лондондық жәдігерші айтты.
Содан кейін неше түрлі пішінді,
қолаланған тасбақа мен
дельфині бар қытай тұрған мүсінді...
және қызыл ағаштан
жонған пілге назарымызды түсірді.
Содан кейін жатып қалған
жауһарланған, жақұтталған тауарларын ұсынды.
Сондай көне жәдігерлер ішінен,
ақ алтынмен аптап қойған,
әпкесінің көзіндей ғып сақтап қойған
шағын неке жүзігін бізге қарай ысырды.
Сол бір жүзік осы күнге жетіпті,
ешбір пенде тақпағалы талай жылдар өтіпті.
Саусағына салған әлгі әпкесі
тұрмыс құрып, көп ұзамай ажырасып кетіпті.
Иә, солай... Бірақ менің Маринамның көзі түсіп басқаға,
соған ғашық болғандығын маған айтты жасқана.
Ол — атақты француз Рене Лалик жасаған
сағат еді, удай қымбат, мас баға...
Ал, оны алсақ, біз бұл жерден
тақыр кедей боп шығармыз, масқара!
Осы жерден іздегенім — Евтерпа...
Саз бен жырдың музасы.
Бірақ көзге шалынбады оның жаухар сұлбасы.
Сөйтсем, тура қасымда екен мен аңсаған сұлулықтың тұлғасы.
Таппаған соң ашуланып, жүйкем қозып қатуланып,
бір тулатып қан тамырды, шарфымды орап мойыныма,
Баса киіп қалпағымды, жәдігерші алмадың деп ренжісе де...
Портобелло даңғылымен,
Сол Евтерпа тағдырымен
қол ұстасып кете бардым мен...