Оңтүстік түні бос перронда...

* * *

Оңтүстік түні бос перронда,
соңғы пойызды күттім, бірақ ол жоқ әлі,
ал, шамдар үйлену тойына жарығын жағады,
сөнеді. От тілі

Жыпылықтайды, өшеді.
Раушан мен хлордың иісі,
бір ескі жанжал жанымда, түнектің тігісі
жалт-жұлт етіп шашырап жүр ұшып
ауаның өзі оны өртеуге тырысып.

Қараңғыда шамнан түскен жарық,
жол бойымен жөнелді,
сынған терезелермен, сөнген шамдармен,
составтар дірілімен — ол енді.
Кавказдық бұл есепті жын біліп пе желеулі;

Чемоданды қалдырып, керемет күйде вагоннан,
секіріп түссем артыма қара, не болған:
қараңғы барлық, пальма мен вокзал, теңізді
некенің оты өртеп жіберіп — жоғалған.

Мұның бәрі өгей-отан — үй орнына үйінді —
сыр мен ботқа — құлаған шың — қиынды.
Пұт мүсіні — әрі қарай — бейберекет айқай-шу,
келесісін күн жарқ етсе терезеден байқайсың.

Біледі әркім: кім кете алса сол қалмақ,
ностальгия емдей алмас — жан жарасы зор болмақ.
Париждегі ер Сеземан ескі тұтқын айтқандай,
мен бұл елден емес, осы ғасырданмын, аңғар, бақ.

Маған енді баяғыдай жарқ-жұрқ етпес ештеңе,
жастығымнан оңды естелік түспейтіндей еске де.
Ал, таңертең ауаның жарқырағын көремін,
музам сонда бөлейді кеп өлең атты дестеге