Әткеншек
Бау-бағым гүлдесін жайқалып,
әткеншек қозғалсын шайқалып.
Қаттырақ тербеле берсінші,
бақытта шағымды қайтарып.
Ағаштан — орындық бөлшегі,
қыл арқан — тербейді ол сені.
Аяқты бір бүгіп, сермесең,
күтеді өзге әлем өлшемі.
Әткеншек...Жарысып желменен,
ары да бері де тербелем.
«Бір» десем — сезімім көкке ұшып,
ал, «екі» — қауыштым Жерменен!
әткеншек қозғалсын шайқалып.
Қаттырақ тербеле берсінші,
бақытта шағымды қайтарып.
Ағаштан — орындық бөлшегі,
қыл арқан — тербейді ол сені.
Аяқты бір бүгіп, сермесең,
күтеді өзге әлем өлшемі.
Әткеншек...Жарысып желменен,
ары да бері де тербелем.
«Бір» десем — сезімім көкке ұшып,
ал, «екі» — қауыштым Жерменен!





