Оңтүстіктен соққан желдің дауылынан жасқандым...
* * *
Оңтүстіктен соққан желдің дауылынан жасқандым,
жанарымнан жас үркиді, көз жасындай аспанның.
Шаң бораған мына дала ұқсап кетті тозаққа,
барлығы да ғайып болды, мен сүйінген ғажаптар.
Біздің тағдыр, шынымен-ақ, табиғаттың еркінде,
ғұмыр күннің қуанышы бір жалт еткен сертінде.
Біз сүйінген анау асқар, біз жүгірген қыраттар,
Жер Ананың мейірі де, Адам Ата ұнатқан.
барлығы да, барлығы да еншісінде тәңірдің.
анау өскен қызғалдақ гүл, кенет құйған жаңбыр кім?
Барлығына тәңір ие,
біз — жәй ғана тозаңбыз.
Дәурен өтіп, мезгіл жетсе,
мына өмірден озармыз.