Қиянда қалған
Жазғырғыш, жазагер жадыдан жасқанар ма едің,
сескенер ме едің сезімнен от құшқан?!
Дүлей дерттердің дұғадан басқа бар ма емі,
қандай күй кештің шымшықты көріп оққа ұшқан?!
Балалық шағым өткен мекенге келдім —
әжемнің ауылына, жолымды жүз қамдап.
Бекер бөгелдім —
зұлым билеген замандай... ызғарлы-ақ.
Төңкерді жел шаң ғып көкті,
жерде де есіріп.
Терең ой дел-сал ғып кетті,
жұтаған жұртқа қараймын... тесіліп.
Құдық жоқ, үй де қалмаған —
күйреген арман, тұйғын құс қалықтап аспанда.
Тым таныс өзеннің ирелеңі алдан
шығады, ескі арнасына бастарда.
Жүректің сырқаты күшейіп, талмасы толқып ұстаса,
өзге ауру көрінер сүреңсіз кескін боп.
...Балалық шаққа оралу қорқынышты аса —
ешкім жоқ.
сескенер ме едің сезімнен от құшқан?!
Дүлей дерттердің дұғадан басқа бар ма емі,
қандай күй кештің шымшықты көріп оққа ұшқан?!
Балалық шағым өткен мекенге келдім —
әжемнің ауылына, жолымды жүз қамдап.
Бекер бөгелдім —
зұлым билеген замандай... ызғарлы-ақ.
Төңкерді жел шаң ғып көкті,
жерде де есіріп.
Терең ой дел-сал ғып кетті,
жұтаған жұртқа қараймын... тесіліп.
Құдық жоқ, үй де қалмаған —
күйреген арман, тұйғын құс қалықтап аспанда.
Тым таныс өзеннің ирелеңі алдан
шығады, ескі арнасына бастарда.
Жүректің сырқаты күшейіп, талмасы толқып ұстаса,
өзге ауру көрінер сүреңсіз кескін боп.
...Балалық шаққа оралу қорқынышты аса —
ешкім жоқ.




