Тыныштық орнаған бұл үй де көңілсіз...
* * *
Тыныштық орнаған бұл үй де көңілсіз,
Талықсып жетеді алыстан бір әуен.
Тау жақтан дөңгелеп кететін өмірміз,
Қай жаққа бағыттар, білмеймін, құба жон..
Сәттері тоқтаған, ағыны басылған,
Құдайым демалған, Отаным ұйқыда.
Тек қана жан сергек, толқыған, тасынған,
Ашуы тым зілді өмірдің сыйқына.
Қайран қап қарайтын құдірет қалды ма?..
Өліара кезеңге тап болған тағдырым.
Ақ аю тырнақпен бір осып алды да,
«Ақ үміт» дегеннің лақтырды қалдығын.
Бұл жерде ошақтың ізі де жоқ қазір,
Барлығы өртелді күз келген шақтарда.
Жабыққан оңаша жоламай көпке әзір,
Жалғыз-ақ сен жүрсің аралап бақтарда.
Сен қалай құтылып үлгердің, қалқам-ай?..
Тыныштық дертінің ең ауыр кезінен.
Ешкімді елемей, ешкімді байқамай,
Сен ұшып барасың жапырақ көзімен.
Көктем кеп кетсе екен көңілден еріп мұз,
Қайтем-ау, бір қызық қалмады бұл маңда.
Жек көрем десем де, сүйемін еріксіз,
Дүние денесін сен жауып тұрғанда...
Тыныштық орнаған бұл үй де көңілсіз,
Талықсып жетеді алыстан бір әуен.
Тау жақтан дөңгелеп кететін өмірміз,
Қай жаққа бағыттар, білмеймін, құба жон..
Сәттері тоқтаған, ағыны басылған,
Құдайым демалған, Отаным ұйқыда.
Тек қана жан сергек, толқыған, тасынған,
Ашуы тым зілді өмірдің сыйқына.
Қайран қап қарайтын құдірет қалды ма?..
Өліара кезеңге тап болған тағдырым.
Ақ аю тырнақпен бір осып алды да,
«Ақ үміт» дегеннің лақтырды қалдығын.
Бұл жерде ошақтың ізі де жоқ қазір,
Барлығы өртелді күз келген шақтарда.
Жабыққан оңаша жоламай көпке әзір,
Жалғыз-ақ сен жүрсің аралап бақтарда.
Сен қалай құтылып үлгердің, қалқам-ай?..
Тыныштық дертінің ең ауыр кезінен.
Ешкімді елемей, ешкімді байқамай,
Сен ұшып барасың жапырақ көзімен.
Көктем кеп кетсе екен көңілден еріп мұз,
Қайтем-ау, бір қызық қалмады бұл маңда.
Жек көрем десем де, сүйемін еріксіз,
Дүние денесін сен жауып тұрғанда...





