Бір күндері біз жәй ғана малтатасқа айналып...
* * *
Бір күндері біз жәй ғана малтатасқа айналып,
жәй тастардай уақыт мүжіп, шайналып,
көзден ұшып, бал-бұл күндер шалқыған,
арқыраған қуат кеміп нарқынан,
географтың картасындай қолдағы,
жер бетінің секілденіп соңғы әні,
біз жәй ғана өткен болып қаламыз,
біздер жайлы айтыла ма бар аңыз?!
Солтүстіктің ендігіндей жырақтап,
варварлардың мұздағында тұрақтап,
біз бір күні жәй елестей мұнартып,
өткен күнге, кеткен күнге мұң артып,
күмілжумен күрсінгенде даламыз,
біз жәй ғана сағыныш боп қаламыз,
сағымға ұқсап із жатады артыңда,
өлгендердің болар ма құн даңқында,
ұрпағымыз бір ұлағат іздесе,
үркердейін бір үмітті үзбесе,
кім біледі, артар мүмкін бағамыз?
Ал, әйтпесе, өткеніңнің бәрі аңыз...
Бір күндері біз жәй ғана малтатасқа айналып,
жәй тастардай уақыт мүжіп, шайналып,
көзден ұшып, бал-бұл күндер шалқыған,
арқыраған қуат кеміп нарқынан,
географтың картасындай қолдағы,
жер бетінің секілденіп соңғы әні,
біз жәй ғана өткен болып қаламыз,
біздер жайлы айтыла ма бар аңыз?!
Солтүстіктің ендігіндей жырақтап,
варварлардың мұздағында тұрақтап,
біз бір күні жәй елестей мұнартып,
өткен күнге, кеткен күнге мұң артып,
күмілжумен күрсінгенде даламыз,
біз жәй ғана сағыныш боп қаламыз,
сағымға ұқсап із жатады артыңда,
өлгендердің болар ма құн даңқында,
ұрпағымыз бір ұлағат іздесе,
үркердейін бір үмітті үзбесе,
кім біледі, артар мүмкін бағамыз?
Ал, әйтпесе, өткеніңнің бәрі аңыз...





