Ұйқыдан бірінші мен тұрдым...

* * *

Ұйқыдан бірінші мен тұрдым. Терезеде Ай жүзді толықсып.
Айтпақшы, кешіріңдер, солай біз бәрін де ояту нүктесіне
ораймыз. Терезе тұсынан ұйқылы адамдар ағылды: олардың
тек қана ту сыртын көрдім мен. Төбеде күн тұрды ағарып.
Шұбаған сол көштің жанынан өткенде жүздеріне қарадым.
Киімдері бақытсыздық түсті, бірақ күнге әбден ақжем болған,
бақытсыздығы тозаңға бөккен, жаздың соңына жеткен бақтар
секілді. Олар ашулы тобыр да емес, тевтондықтар да емес —
соқыр, жүдеу бір лек.
     Көк жүзінде жылтырайды Жаратқанның маңдайы, жүзінен
тері балауыздай тамшылап. Еріді, балқыды шартарап.
«Ұйықтап кетсем, мен де осы мойынсұнғыш кейпіммен аңшының
алдына барар ма ем, бүліншілік, озбырлық, тирания... деп
қайталап».
     Аспанның сезіндім тонналық салмағын. Сосын бар айып
бейкүнә жандардың ұйқысында екенін аңғардым. Жұмсақ-ау
деуші едім Құдайды, бірақ ол халқыма ренжулі сыңайлы, ал
халықтың миына кінәлілік чипі қойылған, ол Адам мен Хауа
ана үшін де жауапты, Вавилон үшін, Содом мен Гоморра үшін
де, соғыс пен табиғи апаттар үшін де, баскесер патшалар үшін
де, басы кесілген патшалар үшін де, басқалар үшін де, Үшінші
рейх, ГУЛАГ, тоқырау, Газпром, Украина үшін де осынау,
өздерін өмірге әкелген орындар үшін де, қорымдар үшін де
халық секілді кінәлі. Құдай-ау, Құдай-ау, Құдай-ау!
     Айқайлап жіберсем бе екен ойынды доғар деп, естір ме
дауысты! Күн енді ауысты. Теріңнің астына егілген әкелер
күнәсін ойға алма. Тазарыңдар кешікпей! Алақай!!!
     Алайда кетіп барады олар кеудеде тесікпен: көз жеткізгің
келсе саусақ салып көруіңе де болады.